Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Сарайшықты сақтай аламыз ба?

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Маусым 9, 2021
299
қаралым

Қасым хан билеген Қазақ ханды­ғының астанасы Сарайшық қаласын болашақта үлкен өзгеріс күтіп тұр. Үш жыл бұрын көне қаланың іргесіндегі Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары тиянақты атқарылды. Енді көне қаланың орнын аршу жұ­мыс­тары қарқын алып,  қала аума­ғында «Сапар орталығының» құры­лысы басталады.

Алайда көне қала орнын  аршуда архелогтер қазірден-ақ жергілікті бір топ тұрғындар тарапынан қарсылықтарға тап болып тұр.  Сарайшықтың астана болған заманындағы картасы арқылы  археология­лық зерттеу мақсатында ескі қорымдағы бейіттерді көшіру мәселесі соңғы жылдары үздіксіз құлақтандырылып айтылып келді. Дегенмен ескі Сарайшық ауылының бір топ тұрғыны мәйіттерді қайта жерлеуге қарсылық білдірді. Тұрғындардың ай­туынша,  қазылған бейіт саны көп, оған дә­лел ескі қорымдағы әр жерде жатқан сүйектер деп отыр.

«Сарайшық» музей-қорығының археологі Айбек Тұрарұлының айтуынша,

ортағасырлық Сарайшық 1982 жылдан бері республикалық дәрежеде қорғалатын тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінде. 2018 жылы құрылған «Сарайшық» музей-қорығы ескерткіш үстіндегі зиратқа адам жерлеуді тоқтату жұмысын тұрғындар арасында жүргізе бастады.

Бұл жұмысқа ауыл әкімдігі және ауыл имамы тартылып, тұрғындар тарапынан түсіністік тапты.

– 2019 жылдан бастап ескі зиратқа бірде-бір адам жерлеуі қойылған емес. Жерлеу рәсімдері ауылдың батысындағы «Құлметен» зиратына жасалуда.  Бастапқыда құлпытасы орнатылған, жердің бетінде көрініп тұрған бейіттерді санап, 5-6 мүрдені көшіреміз деп болжағанымыз рас. Бірақ қазу барысында тағы да бірнеше мүрделер шығып, олардың жалпы саны 20-ға жетті. Біз олардың бәрін арулап қайта көміп, қоршап, белгілерін қойдық. Туған-туыстарына хабар берілді. Олардың кейбірі жерлеу рәсіміне хабарласты. Он шақты мүрденің кімдікі екенін анықтай алмадық. Құлпытас­тарындағы жазулар өшіп қалған. Оларды да жерлеп, құлпытастарын бейітіне қой­дық.  Бұл ескі қорымда адамдарды жерлеу 1870-1930 жылға дейін жалғасқан. Содан соңғы жерлеу уақыты бейіттерді аралап көргенде 1952 және 1999 жылы қайтыс болғандар екенін анықтадық. Ауыл тұрғындары біз жұмыс істегелі  шулап келеді, барлық деңгейдегі әкімдіктерге де шағымданды. Мұндай қадамға бармай, тарихи зерттеу жұмысын жүргізу мүмкін емес, соны түсінуіміз керек,– дейді «Хан ордалы Сарайшық» музей-қорығы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Айбек Тұрарұлы.

Айтарлығы, 2020 жылы музей-қорық археологтері, атыраулық тарихшылар Мәскеу архивінен тапқан, 1861 жылы әскери топограф А.Алексеев сызған картада белгіленген «Хан моласы» (Ханская могила) нысанына барлау қазба жұмыстарын жүргізді. Жер бетінен 2 метрдей тереңдіктен ерекше қабірхананың бір бұрышы анықталды. Өкінішке қарай, қабірхананың басқа аудандары қазіргі кезеңде қойылған молалар астына қарай кеткен еді. Биыл жоғарыда айтып өткен 20 адамның мүрдесі жаңа зиратқа қайта жерленді. Бүгінде мола  астында қалған қабірхана толық қазылған. Археологтер ол жерді  «Элиталық жерленім» деп атап отыр.  Заманында беделді, бай, атақты саяси тұлғалар жерленген жерді солай атаған.

– Қабірханада жерленген сүйектер алдағы уақытта терең сараптамалық зерттеулерді қажет етеді. Әрі қомақты қаржы керек. Бір өкініштісі, бір кездерде қабірхана тоналып, кірпіштері бұзылып алынған. Жерленген сүйектер де ша­шы­лып, анатомиялық тәртібі бұзылған, – дейді «Сарайшық» музей-қорығының археологі Айбек Тұрарұлы.

«Сарайшық» музей-қорығының директоры, профессор Ә.Мұқтар жыл сайын Мәдениет және спорт министріне республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш – ортағасырлық Сарайшық қалашығының қорғау аймағын бекіту, анықтау шараларын жүргізуге және оның қорытындысымен қоршауға қажетті қаражатты бөлу жұмыстарына қолдау көрсетуді сұрап, ресми хат жазып келеді. Музей басшысы өз тарапынан тарихи ескерткіш үстінде Ескі Сарайшық ауылы, «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесі ауыл зираты орналасқандықтан жергілікті тұрғын­ дардың адам жерлеу үшін қабір қазып қоюға әрекеттенген, оған музей-қорық инспекторлары араласуымен жерлеуді тоқтатқан жағдай кездескенін, бұл тұрғындармен өзара ренішке ұласып отырғанын баяндаған.

Айтқандай-ақ жуырда ескі зираттан мүрделерді жаңа қорымға қайта жерлеудің соңы дауға ұласып отыр. Жергілікті тұрғындар «зираттағы бейіттерді қозғамаңыздар» десе, Қазақ хандығының астанасы Сарайшықтың орнын қалпына келтіру арқылы тарихты түгендеуді мақсат еткен музей басшылары мен мамандар «Тарихымызды зерттеу үшін осындай қадамға баруға мәжбүрміз» деп отыр.

P.S:

 Сарайшықты жау да тонаған, табиғат та аямағаны ақиқат. Еуропаны аралаған жандар ондағы көптеген тарихи ғимараттың аман сақталғанын және жөндеуден өтіп тұрғанын байқайды.  Олар несімен құнды? Өзге елдердегі тарихи орындардың әр кірпіші көненің көзіндей.  Әр дәуірге  куәгер. Оларды көріп тарихи тұрақтарын, құндылықтарын  сақтап қалғанына  тамсанамыз. Ал зама­нында хандарға  орда болған Сарайшықтай мұрамызды қалпына келтіріп, оның  құн­дылығын толық жеткізе алмай отыр­ға­нымызға өзімізді кінәламасақ, кімді кінәлай­мыз? Қолда бар мәліметке сүйен­сек, Қазақстан туристік саласын дамы­тудың 2019-2025 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасына сәйкес орта­ғасырлық Сарайшық қалашығы  өңірлік деңгейдегі туристендіру картасы нысан­дарының тізбесіне енгізілген. Алайда оған дейін «Сарайшық» музей-қорығының жылдар бойы шешімін таппай отырған үш проб­лемасын жүзеге асыру керек. Олар – көне Сарайшық қаласының зерттеу ау­мағын қор­шау, қорғау аймағының құжат­тамасын бекіту мен қайта қалпына келтіру жұмыс­тарына қаржы бөлуді түпкілікті шешу. Бұл мәселелер шешілмесе, «Сарай­шық визит-орталығын» салудың маңызы бола ма? Әлде қоғам назарын аударып отырған мәселенің түйінін тарқатуға тағы да онжылдық қажет бола ма?

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

Тегтер: жайық өзенікөне қалаҚазақ хандығы астанасыҚасым ханСарайшықТұрсын Жұмабекқызы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда бруцеллез анықталған мал үшін өтемақы төлене ме?

Президент ҰҚШҰ-ның Мәскеудегі саммитіне қатысты

Қарағандыда үш ер адам суға батып кетті

Мәжіліс депутаттары металлургтермен референдум туралы талқылады

«AMANAT» партиясы: жұртшылықпен кездесу еліміздің батысында жалғасуда

Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлерді референдумға қатысуға шақырды

ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған агентке қатысты мәлімдеме жасады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»