Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды
Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды
222
оқылды

«Бақтияр Артаев Қазақстанның бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахмановтың орнына келді.

Артаев 2018 жылдың ақпанынан бері «Астана Арланс» бокс клубының бас менеджері еді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Astana Arlans (@astanaarlans)

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Таразда туған. Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүниежүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.