Бұл туралы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – журналист. Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған. 1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортеры болды. 1994-1995 жылдары – орта мектеп мұғалімі. 1995-1997 жылдары – «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы. 1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында – «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы. 1997-2000 жылдары – «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы. 2000-2003 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы. 2003-2005 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі. 2005 жылғы ақпан-маусым аралығында – «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі. 2005-2006 жылдары – «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі. 2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы. 2006-2007 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы. 2007-2012 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 2012-2013 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары. 2013-2017 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2017 жылдың маусым-қараша аралығында – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы.