Клиенттерге 4 мың еуро жалған ақша берген банк қызметкерлері сотталды

Қылмысты қалалық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері әшкереледі.

Банк қызметкерлері еуроны 500 номиналды банкнотпен беріп келген. Департаменттің мәліметінше, банктің 5 қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы клиенттерге жалпы сомасы 4 мың еуро жалған қағаз ақшаны өткізген.

Тергеу барысында былтыр банк қызметкерлерінің бірі жалпы сомадан 25% көлеміндегі сыйақы үшін жалған 6 000 еуроны теңгеге айырбастаған.

Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.