Жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Оңтүстік циклонының әсерінен алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Орталық пен оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының төмендеуіне скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағаны түнде 2-10 градус жылы, күндіз – 15-20 градус, оңтүстікте 7-18 градус, күндіз 22-35 градус болады. Батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы болады.