Жастарды қолдауға бағытталған Жол картасы бекітілді
Жастарды қолдауға бағытталған Жол картасы бекітілді
210
оқылды
Nur Otan  партиясы Жамбыл облыстық филиалында Саяси Кеңес Бюросының отырысы өтіп, онда 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» бағдарламасын іске асыру бойынша аймақтың Жол картасы бекітілді. Бекітілген жол картасы жастардың мәселелерін шешуге бағытталған 5 бөлімнен тұрады. Онда 24 көрсеткіш  және 41 іс-шара енгізілген. 2021-2025 жылға арналған бағдарлама өңір жастарының маңызды мәселелін шешуге арналған үлкен тетік болмақ. Себебі онда жастарға сапалы білім беру, оларды жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму, бос уақыттарын тиімді өткізу мәселелеріне басымдық беріліп отыр. Атап айтсақ «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 5 жылда 2065 жас маманды ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыру және  «Жастар тәжірибесі» жобасына 5635 жасты тарту жоспарлануда. Бұдан бөлек  «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқытылатын жастар саны 5 жыл ішінде 1250-ге жетеді деп көзделіп отыр. Жаңа бизнес идеяларды дамыту бойынша жастарға бөлінетін грант саны 5 жыл ішінде 6500-ге жеткізілсе,   жатақхана тапшылығын жою мақсатында жыл сайын 350 орындық жатақхана салынатын болады. Айта кету керек, мұндай жол картасы 10 аудан мен  Тараз қаласында бекітіліп, өз жұмысын бастап кетті.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы