Елорда жастарының ертеңі жарқын
Елорда жастарының ертеңі жарқын
139
оқылды
– «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 5 жыл қатарынан жүзеге асырылатын «Жастар-Отанға!» бағдарламасының негізгі артықшылықтары қандай? Осы ретте аталған бағдарламаны іске асыруға арналған 216 жол картасы туралы да айтып өтсеңіз. – 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы          Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 217 жол картасы әзірленді, яғни республикалық, облыстық, қалалық, аудандық жол карталары. Әрбір жол картасында индикаторлар мен іс-шаралар тізбегі ұсынылған. Бағдарламаның басты артықшылығы жастардың арнайы бір тобын емес, барлық санаттағы жастардың мүддесін қамтиды. Олар – студенттер, оқушы жастар, NEET санатындағы жастарды, жас отбасылар. – Жастардың азаматтық бастамаларын қолдау, білім беру сапасын арттыру, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас қазақстандықтардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу бойынша нақты қандай жұмыстар атқарылды. Алда қандай жоспарлар бар? –  «Жастар – Отанға!» бағдарламасында 5 негізгі бағыт қарастырылған. Олар:
  1. Азаматтық белсенділік.
  2. Сапалы білім
  3. Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту.
  4. Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді тұрғын үй.
  5. Жеке даму және бос уақыт.
Азаматтық белсенділік бағытында еріктілерді қолдау, жастарды сайлау науқанына белсенді қатыстыру, қоғамдық кеңес құрамына жастарды көптеп тарту, т.б. іс-шаралар мен көрсеткіштер көзделген. Азаматтық белсенділік бағытында осы уақытқа дейін көптеген іс-шаралар атқарылды, атап айтар болсақ, еріктілікті қолдау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Сапалы білім бағыты бойынша Елордада алдағы бес жылда 50 мектеп салынады. Оған қоса, қалада қосымша білім беру орталықтары ашылып, бәсекеге қабілетті педагогтердің жетіспеушілігі білінуде. Осы себептен бағыт аясында жыл сайын 800 білім грантын университеттерге, 300 білім грантын колледждерге бөлу жоспарланған. Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бағыты бойынша жас мамандарға жұмыс берушілердің тұрақты жұмыс орындары үшін көтермелеу жүйесін қарастыру. 2025 жылға дейін «Жастар практикасына» 3000 жасты, «Қоғамдық жұмыстарға» 4000 жасты бағыттау көзделген. Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді тұрғын үй бағыты бойынша жыл сайынғы 500 пәтер сатып алынатын «Елорда жастары» бағдарламасы, студенттік жатақханалар салу және күрделі жөндеуге ұсыну, «Отбасы - бақыт мекені» іс-шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Тұлғалық даму мен бос уақыт бағыты бойынша базар маңдарында Спорт алаңдарын, Street Workout алаң аймағын жасақтау, аула клубтарын ашу, «Жастар сарайы» базасында Жастар үйін ашу қарастырылған. Алдағы жоспар аталған бағдарламаның орындалуына атсалысу және орындалуын бақылау. Өңірлік Жол картасын жүзеге асыру барысы партияның қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының және «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанынан құрылған жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің басты назарында. – Өзіңіз білесіз, қазір баспана мәселесі өте өзекті болып тұр. Әсіресе жастар тезірек үйлі болуды армандайды. Еліміздегі жастардың баспаналы болуына «Жастар-Отанға!» бағдарламасының тигізер көмегі қандай болмақ? Бұл бағытта нендей шаралар қолға алынады? – 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасында ең өзекті мәселелер қарастырылған. Соның бірі баспана мәселесі. Еліміздегі жастардың баспаналы болуына Бағдарламаның тигізер пайдасы зор. Жоғарыда атап өткендей, жол картасы аясында жұмыс істейтін жастарға арналған «Елорда жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасын іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, қазір көп жастар мемлекеттік бағдарламалардың механизмдерін түсінбей жатады, осы мақсатта БАҚ-та қолжетімді тұрғын үй механизмдерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқанды кеңінен ұйымдастыру жоспарланған.

А.Жұмаш