СҚО-да 8 жасар қыз жоғалып кетті
СҚО-да 8 жасар қыз жоғалып кетті
5,106
оқылды
Қайғылы оқиға Есіл ауданының Покровка ауылында болған. Алдын ала болжам бойынша, қыз бала Есіл өзеніне батып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды 7152.kz. 8 жастағы қыз кешке үйге оралмаған соң әжесі іздей бастаған. Ол ауылға жазғы демалысқа келіпті.
- Немересінің жоғалғанын қария  учаскелік инспекторға хабарлады. Өз кезегінде тәртіп сақшысы еріктілер мен құтқарушыларды жұмылдырып, баланы іздеуге шығады. Нәтижесінде Есіл өзені жағасынан, ауылдан шамамен 500 метр жерден қыздың киімдері табылды. Күндіз қыз бала өзімен жасты  немере ағасымен ойнапты.  Үйге оралған бала ата-анасына әпкесінің қайда екендігін түсіндіріп айта алмады. Кейін ол әпкесімен бірге  өзенге шомылғандарын, қызды ағыс алып кеткенін айтты,-деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбековтің айтуынша, іздеу жұмыстары түнде де жүргізілген. Қазір өзенде сүңгуірлер жұмыс істеуде. https://www.youtube.com/watch?v=vWQPW-Z2jRI