Алматы облысында келіншегі мен анасы ішімдік ішіп отырған ер адамның көңілдесі екеуінің үстінен түсті
Алматы облысында келіншегі мен анасы ішімдік ішіп отырған ер адамның көңілдесі екеуінің үстінен түсті
117
оқылды
Алматы облысында көңілдесінің әйелі мен анасынан қашпақ болған келіншек біреудің көлігін ұрлап кетіп, жол апатына түсті, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Қапшағай ауданы полиция бөліміне Ащыбұлақ ауылының 27 жастағы тұрғыны Кia Rio көлігі ұрланғанын айтып, шағымданған. Ол өз көлігін танысына сақтандыру бойынша басқару құқығымен берген. Ал ол көлікті Қапшағай қаласының маңындағы Ақөзек ауылына қалдырып кеткен. Тергеу барысында тәртіп сақшылары көлікті Қапшағайдың 32 жастағы тұрғыны ұрлағанын анықтаған. Келіншек Ақөзектегі жеке үйлердің бірінде көңілдесімен уақыт өткізіп жатқан. Спирттік ішімдік ішіп отырған кезде үйге ер адамның анасы мен әйелі келіп, келіншекті ұра бастаған. Қорыққан әйел көшеге жүгіріп шығып, оталып тұрған көлікке отырып, кетіп қалған. Алайда ол арыққа түсіп кетіп, көлікті соққан. Сондай-ақ өзі де дене жарақаттарын алған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сонымен қатар күдікті көлікті мас күйде айдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек, келіншек бүлінген көлікті қайта қалпына келтіруі керек.