«Әкімдіктің олқылығы»: министр Маңғыстауда жаппай аштан қырылған жылқыларға қатысты түсініктеме берді
«Әкімдіктің олқылығы»: министр Маңғыстауда жаппай аштан қырылған жылқыларға қатысты түсініктеме берді
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстау облысында азық жетіспеушілігінен жылқылардың жаппай қырылуына қатысты түсініктеме берді. Ауыл шаруашылығы министріне жылқылардың мұндай қиын жағдайға тап болуына не себеп болғаны жөнінде сұрақтар қойылды.
"Иә, менің ойымша, бұл - аудандық әкімдіктердің олқылығы. Олар жергілікті жағдайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе облыс әкімдігіне қарағанда жақсы біледі. Егер олар жағдайды алдын  ала ескертіп, қолдау шараларын ұсынса, біз, әрине, Үкімет тарапынан көмек көрсететін едік",  – деді Сапархан Омаров.
Бұған дейін Маңғыстау облысында аштан қырылып жатқан жылқылардың суреті желіде талқыланған еді. Жергілікті тұрғындар жайылымдардың құрғағанын, жем-шөп тапшы екенін айтқан. Маңғыстау

Фото: Facebook/Бердімұрат Төрекенов