Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді.
«10 маусымда сағат 17.00-ден бастап 22.00-ге дейінгі аралықта Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» Жолаушылар тасымалы өңірлік филиалының техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Гете көшесі, 7) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді», - делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб мәліметінде.Іс-шараның мақсаты – жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу әскери жағдайға барынша жақын болады. Себебі онда әртүрлі күрделі элементтер қолданылмақ.
«Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - деді ведомстводан.