Малдың қырылуы: Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялана ма?
Малдың қырылуы: Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялана ма?
108
оқылды
Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай жарияланбайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жауап берді, - деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Бұл жағдай Арал ауданында тіркеліп отыр. Қазір аудандағы малдың өлімі тоқтады. Бірақ аудан әкімдігі басқа құзіретті органдармен бірігіп, төтенше жағдайдың қажеттілігін пысықтап жатыр», - деп жауап берді.
Облыс басшысының айтуынша, биыл қыс ұзаққа созылып, жауын-шашын аз түскен. Шөп пен мал азығы тапшылығына байланысты наурыз-сәуір айында жеті ауылда 300-ден астам жылқы мен 150-ге жуық ірі қара қырылған. Осы ретте Ақтөбе облысы мен көрші аудандардан 500 тоннадан астам жем-шөп, мал азығы жеткізілген. Одан бөлек, шаруаларға төмендетілген бағамен беру үшін азық-түлік корпорациясынан қосымша өнім алу жоспарланып отыр.