Жұмыссыз жүрген 30 адамның мәселесі шешілді 
Жұмыссыз жүрген 30 адамның мәселесі шешілді 
161
оқылды

Осыдан кейін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлжанар Тілесқызы жұмыссыздық мәселесі бойынша тақырыптық қабылдау өткізді.

Ал қарағандылық партияластар «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» партиялық бағдарламасы төңірегінде аталған мәселелерді Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп қарады. Осылайша, қабылдауға жұмысқа орналастыру бойынша өтінішпен келген Доссор кентінің тұрғыны Гүлшара Шарханқызы С.Шарипов атындағы мектеп интернатына,  ал қалған  27 жұмыссыз азамат «Сичим СПА Казакстан» мекемесіне жұмысқа орналастырылды. Өтініш иелері  мәселесін оңынан шешуге ықпал еткен  партия филиалына алғыс білдірді. Жұмысқа орналасу бойынша өтініш білдірген басқа да тұрғындар бар. Соның бірі  қарағандылық Карина Алиева болатын. Ол  «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Ал Елдос Абсагатов  "Нұра ауданы Баршын ауылы әкімінің аппараты" ММ ғимаратының күзетшісі болып жұмысқа орналасты.