ЕУРО 2020: Миллиардқа бағаланған құрамалар
ЕУРО 2020: Миллиардқа бағаланған құрамалар
116
оқылды
Transfermarkt порталы 2020 жылғы Еуропа чемпионаты қарсаңындағы ойыншылардың құнын жаңартты. Жаңа деректер бойынша, үш команданың құрамы шамамен бір миллиард еуроға жетті. 1 орын - Англия құрамасындағы (1,27 миллиард еуро) ең қымбат 3 ойыншы: 1. Гарри Кейн (Тоттенхэм) - 120 миллион еуро; 2. Джейдон Санчо (Боруссия Дортмунд) - 100 миллион еуро; 3. Рахим Стерлинг (Манчестер Сити) - 90 миллион еуро. 2 орын - Франция құрамасы (1,03 миллиард еуро): 1. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 160 миллион еуро; 2. Рафаэль Варане (Реал) - 70 миллион еуро; 3. Кингсли Коман (Бавария) - 65 миллион еуро. 3 орын - Германия құрамасы (936,5 млн еуро): 1. Джозуа Киммич (Бавария) - 90 миллион еуро; 2. Серж Гнабри (Бавария) - 70 миллион еуро; 3. Кай Хавертц (Челси) - 70 миллион еуро; 4. Леон Горетцка (Бавария) - 70 миллион еуро. Ең төмен бағаланған құрама ол - Финляндия құрамасы. Оның жалпы құрамы 44,5 млн еуроға бағаланған.