Диспансерлік есепте тұрған 49 адамның қару ұстайтыны белгілі болды
Диспансерлік есепте тұрған 49 адамның қару ұстайтыны белгілі болды
114
оқылды

қару ұстауға рұқсаты бар 49 адамның түрлі кезеңде жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін орталықта есепте тұрғаны анықталды.

Оның 46-сы нарколог және үшеуі психиатрдың есебіне алынған.

Прокурор Жасұлан Дәулембаевтың айтуынша, олардың көбі алдымен қару-жарақ ұстауға рұқсат алып, кейін дәрігер есебіне іліккен. Сондықтан кемшілікті түзету үшін деректер үнемі тексерілетін болды.

Аймақта «Қару» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер 45 қару тәркіледі. Үш ойық, 37 тегіс ұңғылы, бір травматикалық, үш газды және бір электрлі қару тәркіленді. Ойық және тегіс ұңғылы қаруға арналған 47 дана патрон алынды. Адамдардан 219 дана суық қару (пышақ) тәркіленді. Рейд кезінде 6 мыңнан астам атыс қаруының иесі тексерілді. Тексеру нәтижесінде, 235 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 37-і қаруды заңсыз сақтап, 140-ы қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны анықталды.