Өңделген өнім экспортына көңіл бөлінеді
«Айқын» ақпарат
/ 11.06.2021
Өңделген өнім экспортына көңіл бөлінеді
Бүгін Президент Қ
Президент әлемде кең қолданылатын экспорттық несиелерді субсидиялау тетігінің Қазақстанда әлі де қолға алынбай отырғанын айтты.
– Былтыр Қазақстан алғаш рет 100-ге жуық отандық тауар экспорттаушыны Alibaba халықаралық электронды платформасына шығарды. 4 мыңнан астам қазақстандық тауар түрлерін әлемдік нарыққа шығару мүмкін болды. Шекаралар жабық болған кезде экспорттар легін жабылып қалған дәстүрлі бағыттардан жаңа нарықтарға шығаруға бағыттай алдық, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы әрі экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты басым бағыттардың бірі болуға тиіс деп санайды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы былтыр транзиттік теміржол тасымалы 17 пайызға артқанын жеткізді. Контейнерлік тасымалдар өсімнің негізгі факторы болды.
– Былтыр шамамен 900 мың контейнер тасымалданған. Оның 91 пайызға жуығы Қытай – Еуропа – Қытай бағытына тиесілі. Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтағы тасымалда негізгі рөл атқаратынын сеніммен айтуға болады. Қазақстан – Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жаһандық жобасын іске асыруда маңызды әрі сенімді серіктесі. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделіміз, – деді Президент.
Бұдан бөлек, Ұлттық банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Астана халықаралық қаржы орталығына Дойче банктің ұсынысын зерттеп, Қазақстанда «жасыл инвестициялар» нарығын кеңейту бойынша нақты ұсыныс енгізу жүктелді. Медициналық қызмет көрсету экспорты саласында Үкімет жеке медицинаны және медициналық туризмді енгізу ісін дамыту жөніндегі General Electric компаниясының ұсынысын қарастырады.
– Қазақстан – өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын әзірлеп шығарған аз ғана елдердің бірі. Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесу өткіздім. Бұл ДДСҰ QazVac вакцинасын төтенше жағдайларда пайдалануға кеңес беретін дәрі-дәрмектердің тізіміне енгізуді қарастырып жатыр. Біз вакцина көлемін арттыруға және оны шетелге экспорттауға дайын екенімізді атап өткім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шетелдік инвесторлар өз сөздерінде таңдалған тақырыптың маңызы мен өзектілігін атап өтіп, Қазақстанда шикізаттық емес экспортты дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Президент жиынға қатысушылардың Қазақстандағы салық жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ұсыныстарына жауап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қалдықсыз жасыл технологияларды енгізу жөніндегі Кеңес мүшелерінің ұсыныстары, өзінің осы салада берген тапсырмаларымен үндесетінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Ақ көйлек кию маған да бұйырды»: әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жаңалығын бө...
Жаңалықтар
Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі қуанышты жаңалығын жеткізді
Жаңалықтар
"Екінші курста алып қашты": Гүлзира Айдарбекова күйеуімен танысқан сәтін ес...
Жаңалықтар
Қазақстандықтар қарызы қанша теңгеден асса шетелге шыға алмайды?
Жаңалықтар
Әуежай мен вокзал, мектептер: Астанада 27-28 қарашада қалай жұмыс істейтіні...
Жаңалықтар
Қазақстанда ең көп зейнетақы неше теңге?