«Манасты» қазақша сөйлеткен сәт
«Манасты» қазақша сөйлеткен сәт
203
оқылды

Елордадағы Ұлттық академия­лық кітапханада белгілі ақын, жазушы «40 жылға жуық уақыт бойы осы «Манас» жыры туралы айтып келе жа­тыр­мын. Оны қазақтың жырындай жақсы көрдім, бірақ қазақ тіліне аудар­амын деген ой басыма келмеген. 2019 жылы қараша айында Қырғыз Респуб­ликасында қазақ-қырғыз зиялыларының басқосуы болды. Оны Халықаралық түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымдастырып, ол жаққа бірге барып-келу туралы ұсыныс айтты. 1 желтоқсан күні таңға жуық басыма «Манас» жырының алғысөзі ғарыштан құйылып келе қалды. Ол жырдың бас жағын әр манасшы әртүрлі айтады. Мен ойыма келген алғашқы жолдарын қағазға түртіп қойдым да, «Манасты» қазақша айтып шығу туралы ойландым. Мұхтар Әуезов бастап шығарған 4 кітап – сирек кездесетін кітап. Балалар үшін ол қолжетімді емес. 4 томдық кітапта 100 мың жол өлең бар. Оны қарапайым оқырман түсіне бермейді. Қырғыздардың өзі «Манасты» балаларға қалай оқыту жолын қарастырып, 1 топқа сыйғызып шығарған кітабы да бар», – дейді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров «Манас» эпосын Қазақстанға танытып, бауырлас екі ел арасындағы мәдени байланысты жаңғыртқаны үшін Баянғали Әлімжановты «Достық» ор­денімен марапаттаған болатын.  

Е. БОЛАТҰЛЫ