4 индикатор мен 22 көрсеткіш орындалды
4 индикатор мен 22 көрсеткіш орындалды

– Бүгінде 4 индикатор мен 22 көрсеткіш толық орындалған. Қалған бір көрсеткіш үш ауысым­ды оқытуды жоюға бағытталған. Алайда бұл мәселені шешу үшін жұмыстар қолға алынып жатыр. Мәселен, Қызылорда қаласында үш ауысымды болдырмау бағы­тын­да 600 орындық жаңа мектеп пен 200 орындық бір мектептің қосымша құрылысы жыл соңында іске қосылмақ. Сондай-ақ осы мақсатта жеке инвестор­лармен 800 орындық 2 жеке мектеп пай­да­л­ануға беріледі. Сонымен бірге, Арал, Жаңа­қорған аудандарында екі жаңа 300 орындық мектеп қыркүйек айында оқушы қабыл­дайды деп жоспарланып отыр, – дейді Қызылорда облыстық Білім бас­қармасының басшысы Ақзира Қасымова. Басқарма басшысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселе­сіне де тоқталып өтті. Мәселен, биыл 1-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқы­ту жоспар бойынша көрсеткіш 81 пайыз болса, орындалу көр­сет­кіші 85,5 пайыз болған. 3-6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 100 пайыз. Балалар қауіпсіздігі үшін 70 мектеп бейнебақылау жүйелеріне қосылып, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес­тен­дірілген. Нақты айтар болсақ, 14 мектеп жедел басқару орталы­ғына, 56 мектеп полицияның ке­зекші бөлімшелеріне қосылған. 110 мектеп ювеналды полиция қызметкерлерімен қамтамасыз етілген. Техникалық және кәсіптік бі­лім беру бағытына келсек, облы­сымызда 30 колледжде 97 маман­дық, 163 біліктілік бойынша 20 мың студент білім алуда. 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірген 4 067 студенттің 3 459-ы жұмысқа орналасып, көрсеткіш 85,1% болды. Басқарма басшысы дарынды балаларды қолдау бағытындағы жұмыстарды да тілге тиек етті. Айтуынша, жыл басынан халық­аралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарында 124 оқушы жүл­делі орын алған. Республикалық олимпиаданың қорытындысымен 26 оқушы жеңімпаз атанып, өңірі­міздің олимпиадалық командасы республикада жүлделі 3 орынды иеленген.

Әбілмансұр ЖАСАН