Өскеменде 6 ай бұрын жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды
Өскеменде 6 ай бұрын жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды
121
оқылды
Өскемен қаласында із-түссіз жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметі. Шаһар тұрғыны өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен. Полицияға хабарласқан ер адам жұбайының із-түзсіз кеткенін жеткізген болатын. Оның айтуынша, әйелі Жаңа Согра ауданындағы дүкенге қарай бет алып, сол күйі қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Алайда оны табу мүмкін болмады.
«Арада жарты жылдан астам уақыт өткен соң әйел адамның денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.