Ресеймен әскери ынтымақтастық күшейеді

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның бюросында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы қалыптастырылды. Келесі аптадағы жиында депутаттар қарауына бірқатар халықаралық келісімді ратификациялайтын заң жобаларын қарау ұсынылмақ.

Атап айтқанда, талқылауға Еу­­­разиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения және Қыр­­­ғыз Республикаларының қо­­сылуына байланысты өзге­рістер енгізетін хаттаманы рати­фика­­­­ция­лау туралы заң жобалары шыға­­рылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар күн тәртібінің жобасында мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заңна­малық түзетулерді II оқылымда қарау көзделген.

Бұған қоса, жалпы отырыста палата Қазақстан мен Ресей ара­сындағы әскери ынты­­­­мақтастық туралы шартты және Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығына қа­ты­­сушы мемлекеттердің қарулы күш­терінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратифи­­кациялауға қа­­тыс­­­ты заң жоба­­ларын жұмысқа алады, ол бойын­ша бейінді коми­­тет­тің қорытынды әзірлеу мерзім­­­дерін бе­кітеді.

Айхан ШӘРІП

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.