ЕУРО 2020: Италия құрамасы Туркиядан басым түсті - Видео
ЕУРО 2020: Италия құрамасы Туркиядан басым түсті - Видео
Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Италия құрамасы Туркияны 3:0 есебімен жеңді. Ойын Италия астанасы Рим қаласындағы Олимпиада стадионында өтті. Бүгінгі ойында италиялық футболшылар басымдығын танытты. Кездесудегі есеп екінші таймда ашылды. 53 минутта  Түркия ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды. Бұл осы турнирдің ең алғашқы матчында соғылған бірінші автогол ретінде тіркелді. 66 минутта Италия құрамасының шабуылшысы Чиро Иммобиле есепті еселесе, 79 минутта Лоренцо Инсинье ойынға нүкте қойды. Кездесуде Италия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. https://www.youtube.com/watch?v=xZYRVtGRV5Y Италия құрамасы А тобында көш бастап тұр. Бүгін А тобында Уэльс пен Швейіария, В тобындағы Дания мен Финляндия, Бельгия мен Ресей құрамалары кездеседі.