Сабырға сүйенген сабақтастық
Сабырға сүйенген сабақтастық

Осыдан  екі жыл бұрын, 2019 жылдың 12 маусымында  Нұр-Сұлтан қаласындағы  Тәуелсіздік сарайында Президент Сынақта сыналған сәттер

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенті ретінде қызметін бас­таған сәтте де, одан кейінгі екі жылда да түрлі сипаттағы сын-қатерлер аз болған жоқ. Алдымен 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында орасан зор апат болды. Әскери қоймалардағы оқ-дәрі жа­­­рылып, 3 азамат мерт болды. Бейбіт күнде халық туған үйлерін тастай қашты. Ел үшін сынақ болған сәт еді ол. Мұны журналист Асылбек Абдулов «Новый курс Президента Токаева» атты фильмін­де: «Қазақ­­станның жаңа Президенті үшін Арыс апаты отпен көмкерілген сы­нақ болды» деп сипаттайды. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев бұ­қарамен бірге болды. Апаттан кейін бірнеше күн өткенде Арысқа барды. Қаланың үйсіз-күйсіз қал­ған 45 мың тұрғынына мемлекеттің қамқор болатынын сезіндірді. Өзі­нің бұқараға сүйеу бола білетінін көрсетті. Әрине, оқиғаға айып­тылар, салдыр-салақтық таныт­қандардың жазалануы заңды еді. Бірақ сын сағатта кінәліні ізде­геннен гөрі азаматтардың жанынан табылуы маңызды болатын. Қ.То­қаев бұқараның қасында болды. Қаланың қалпына келтірілуін тікелей бақылауында ұстады. Бір жыл ішінде Арыс қайта түлеп шықты. ұлттық кеңес Кейін Жамбыл облысы Қордай ауданында болған дүрбелең кезінде де Президент халықтың мұң-мұқта­жын түсіне білетінін көр­сеткен. Тікелей өзі Қордайға бар­ғаны есте. Ал коронавирус панде­миясы басталғанда елде төтенше жағдай жариялап, індеттің тез таралуын барынша тежеу қадам­дарын жасады. Тіпті, 2020 жылдың шілдесінде пандемия құрбандары үшін ұлттық аза тұту жарияланғаны бар. Көре білген адамға мұның бәрі сынақ еді. Одан бөлек, эконо­миканың әлсіреуі, халықтың әл-ауқатының төмендеуі тәрізді қо­сымша сын-тегеуріндер де бар. Міне, дәл осындай қиын сәтте елді сынақтан сүріндірмей алып өту жауапкершілігін Президент арқа­лап келеді. Жалпы, Арыс апаты, Мақта­аралды су басу, коронавирус пан­демиясы кезінде Қазақстан қо­ғамы жаңа қырынан танылғаны бар. Ол еріктілер қозғалысының өрістеуі еді. Президент Қ.Тоқаев қоғамда қайырымдылық пен адамгер­шіліктің алғы шепке шы­ғуы маңыз­ды екенін ұдайы айтады. Әрі қа­тардағы қарапайым адам байқа­мағанымен осы екі жыл ішінде волонтерлік қозғалыс жаңа сатыға шықты. Қоғам мүшелері ұйымдаса түсті. Президенттің өзі қиын-қыс­тау сәтте елмен бірге болатыны жастарға, қоғам мү­шелеріне ме­сседж болғаны анық. Осылайша, ел ішінде қайы­рымдылық шара­ларын ұйым­дастыратындар, оларға қа­ты­са­тындар қатары артып келеді. Мұның өзі дамыған, адам­ның қадір-қасиеті жоғары саналатын қоғам құру атрибут­тарының бірі болса керек.

Әлеуметтік жағдайды жақсарту назарынан түскен жоқ

Президенттің екі жылдағы қыз­метін саралаған кезде оның сая­сатпен қатар экономиканы, әлеу­­меттік саланы да алдыңғы қа­тарға шығарғанын байқаймыз. Сөз ба­сында билік пен халықтың арасында алшақтық болғанын айттық қой, оның себебі мем­лекеттік қызмет­шілерге сенбеуден, кейде азамат­­тардың қаржылық сауатының на­шарлығы мен жұмыс берушілердің адал болмауынан және толып жатқан өзге де фак­торлардан бастау алатын дүниелер. Қ.Тоқаев ел тізгіні қолға алған кезде Қазақстанда 7 мил­­лион­нан астам адамның мойнында банк­терден алған несие бар еді. Со­лардың 1,5 миллионының «несие тарихы» бұзылған немесе «қара тізімге» енгендер болатын. Яғни, осыншама адам несиеге қатысты проблемаларға тап болған. Біреуі әдейі төлемей кетсе, енді біреуінің төлеуге жағдайы жоқ еді. Дәл осын­дай сәтте Қасым-Жомарт Ке­мел­ұлы батыл шешім қабылдады. Сөйтіп, 2019 жылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Үкімет пен Ұлттық банкке белгілі бір санатқа кіретін азаматтардың несиесін кешіруді ұйымдастыруды тап­сыр­ды. Осы­лай­ша, көпбалалы, ерек­­­­ше күтімді қажет ететін балалары бар отбасы­лардың немесе асырау­шысынан айырылған отбасы­лардың несие­лерін жабу шарасы жүзеге асы­рылды. Бұл бастама 3 млн адам­ның өміріне әсер етті. Әрі Қа­зақстан та­рихында тұңғыш рет ұйымдас­ты­рылған іс-шара еді. Біз тәуелсіздік алған жылдар ішінде бірнеше мәрте қаржы амнистиясын жасап, түрлі жолдармен байыған азаматтардың мүлкі мен қаржысын заңды айна­лымға енгізуіне мүм­кіндік берген елміз. Бірақ қара­пайым адамдардың банктерден ал­ған несиелерін кешіру шарасын жасап көрмегенбіз. Сон­дық­тан Қ.Тоқаевтың бұл баста­масы хақына шын жанашыр тұл­ғаның әрекеті болатын. Бұқара да солай ба­ға­лады мұны. Әрі мемлекет­ке де­ген зор сенім, ықылас қалып­тас­ты. Ал кейін Зейнетақы қорындағы жинақтың белгілі бір мөлшерін баспана алуға, емделуге, білім алу­ға, құнды қағаздар нарығына салуға мүмкіндік беретін шешімнің қ­абылдануы бұқараның билікке деген сенімін тіптен нығайтты. Өйткені өмір бойы тірнектеп жи­наған қаржының қамсыз қарттыққа жетер-жетпесіне күмән бар еді қоғамда. Бірер жыл бұрын сы­байластар қордағы қаржыны кү­мәнді істерге жұмсағаны да белгілі болған. Ал мұндайды көріп, біліп отырған жұрт мемлекет тарапынан жасалатын рефор­маларға тым құ­лықты бола қой­майтын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әлеу­меттік жағдайын төмен­дет­пеуге бағытталған шаралары сол сенімсіздікті азайтып, халықтың ертеңге деген үмітін оятты. Бәлкім, мемлекет басқарушы тұлға үшін бұқара мен биліктің бір-біріне тіреу болатын болмысын қалыптас­­тырудан артық жетістік жоқ шығар. Экономика мен саясат өз ретімен жүзеге аса береді. Уақыт келгенде халық демократиялық құнды­лықтарды да бойына сіңіріп, өзге­нің құқығын таптамауды, дара­қылыққа бармауды үйреніп, «Аяз бидей әлін, құмырсқадай жолын білуге» дағдыланады. Ал мемле­кетін, елін, жерін сүюге ұмтылып тұру – бөлек қасиет. Жер демекші, осы екі жыл ішінде Қазақстан экологияға ай­рықша көңіл бөліп, браконьер­лікпен күресті күшейтті. Эко­ло­гиялық мәдениет қалыптасып келеді. Туған жердің төсін былғамау ұдайы насихатталып, экомәдениет жаңа сатыға көтерілсе, биліктің биік мінберлерінде ірі кәсіп­­орындарға жауапкершілік жүктеу, жаһандық жылынуға қарсы күрес тәрізді мәселелер көтеріледі. Пре­зиденттің 2060 жылға қарай Қа­зақстан көмірқышқыл газын аз бөлетін елдердің қатарына кіреді деген уәде беруі де сондай саясат­тың, өз бастамаларының дұрыс еке­ніне көзі жеткенінің белгісі. Әрі әлемдік қауымдастық алдында Қа­зақстанның жауапкершілігін көрсететін қадам. Қысқасы, біз кейінгі екі жылда Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен қайта түлеп, өркендеп келеміз. Ал бір мақалаға екі жылдағы жетістіктер мен реформалардың барлығын сыйғызу мүмкін емес. Алайда жақ­сының жақсылығын айту – мін­детіміз.

Ардақ СҰЛТАН