Биыл докторанттардың шәкіртақысы 150 мың теңгеден 172 мыңға өседі
Биыл докторанттардың шәкіртақысы 150 мың теңгеден 172 мыңға өседі
234
оқылды
Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. Магистратура мен докторантурада оқитындарды да осындай жағымды жаңалық күтіп тұр. Биылғы абитуриенттерге бөлінетін грант саны да артады, деп хабарлайды КТК арнасы. Бакалаврда оқитындар қыркүйектен бастап 31 мың теңгеден астам шәкіртақы алады. Магистратурада оқитындардың шәкіртақысы биыл 15 пайызға артады. Жаңа оқу жылында оларға 76 мың теңгеден астам төленеді. Докторанттардың шәкіртақысы соңғы екі жылда 82 пайызға көтерілген.  Биыл 150 мың теңгеден 172 мыңға тағы өсіріледі. Абитуриенттерге де қатысты оң өзгеріс бар. Жаңа оқу жылында грант саны 5 мыңға артады. Жылда бұл уақытта мектеп түлектері ҰБТ-ға дайындалып жататын. Ал осы күні түлектердің 96 пайызы емтихан тапсырып болған.
"2025 жылға дейін жыл сайын бөлінетін грант санын 75 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Биыл грант саны 5 мыңға арттырылады. Осыған дейін бакалаврға жыл сайын 51 мың грант бөліп отырсақ, биыл 56 мың грант беріледі", — деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Еске салсақ, NIS оқушысының АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алғаны туралы хабарлаған едік. Жәнияның айтуынша, АҚШ-тың Сент Луис, Вашингтон&Ли, Тампа және Оңтүстік Флорида университеттерінің шәкіртақысына ие болғанымен, Нотр-Дам университетінің жауабын асыға күткен.