Александр Недовесов Братислава турнирінің чемпионы атанды
Александр Недовесов Братислава турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Братислава (Словакия) "Челленджер" турнирінің чемпионы атанды. Турнирдің 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда нидерландылық Сандер Арендс – венесуэлалық Луис-Давид Мартинеспен бас жүлдені сарапқа салды. Кездесу 7: 6, 6: 1 есебімен аяқталды. Финалдық матч 1 сағат 7 минутқа созылды. Бұған дейін Недовесов пен Молчанов "Челленджер" турнирінің жеңімпаздары болған. Александр осымен алтыншы рет чемпион атанып отыр.