Шарын шатқалында туристер қиындыққа тап болды
Шарын шатқалында туристер қиындыққа тап болды
Шарын шатқалына келген туристер "тұзаққа түсіп қалды" – қатты балшық ағыны жолды жауып, тігілген шатырларды қиратқан, деп хабарлады sputnik.kz. Қиындыққа тап болғандардың арасында блогер Тайыр Марасулов та болған. Төтенше жағдай туралы ол Instagram парақшасында хабарлаған. Олар балшықты селден аман қалу үшін ағашқа өрмелеген. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 11 маусымда шамамен 20:00-де әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Шарыннан туристердің қиын жағдайға тап болғанын анықтаған. Алайда құтқарушылар келгенге дейін туристер өз күшімен қауіпсіз жерге шығып алған. Ешкім зардап шеккен жоқ. https://www.youtube.com/watch?v=1myX0Usqq50 Құтқарушылар жеті адамның екі көлікпен демалуға келгенін нақтылады. Облыстық ТЖД бұған дейін тұрғындарға Алматы облысында дабылды ескерту жарияланғаны туралы хабарлама жіберілгенін айтты. Ведомство қазақстандықтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.