Ақтөбеде жасөспірімдер көлікті рұқсатсыз айдап кеткен
Ақтөбеде жасөспірімдер көлікті рұқсатсыз айдап кеткен
124
оқылды
Ақтөбеде жасөспірім жүріп бара жатқан автомобиль капотынан құлап, ауруханаға түсіп қалған. 10 маусымда бірнеше жасөспірім үйдің ауласында тұрған "ВАЗ-21083" автокөлігін иесінен сұрамай өзенге айдап кеткен. Қайтар жолда екі бала автокөліктің капотына отырып видео түсірген. https://www.youtube.com/watch?v=-6XzRwmXOLg ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тергеу басталды. Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов жолда кәмелетке толмағандармен болған барлық жазатайым оқиғаның негізгі себебі - жол қозғалысы ережелерін сақтамау және көлік жүргізушілерінің де, балалардың да мәдениетінің төмен болуынан екенін айтты.