Швейцария мен Уэльс тең түсті - 1:1
Швейцария мен Уэльс тең түсті - 1:1
170
оқылды
2020 жылғы Еуропа чемпионатының екінші матчы Бакудегі Олимпиада стадионында өтті, онда Швейцария құрамасы Уэльс командасымен тең ойнады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 49-минутында есепті швейцариялық шабуылшы Брел Эмболо ашты, ал 74-минутта уэльстік шабуылшы Киффер Мур дәл соққымен есепті теңестірді. А тобындағы алғашқы ойында Италия Түркия құрамасын 3: 0 есебімен жеңген еді. Бүгін В тобындағы Дания мен Финляндия, Бельгия мен Ресей құрамалары кездеседі.