Түркістан облысында қорықшыларға қарсылық көрсеткен 6 браконьер ұсталды
Түркістан облысында қорықшыларға қарсылық көрсеткен 6 браконьер ұсталды
86
оқылды
Түркістан облысында қорықшыларға қарсылық көрсетіп, олардың бірін жарақаттаған 6 браконьер ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, Шардара су қоймасында балық аулаумен айналысқан браконьерлерді ұстау кезінде жекеменшік қорықшылық қызметінде жұмыс істейтін қызметкердің бірі дене жарақатын алған. Оқиға Шардарада орын алғандықтан, аталған жайт Шардара аудандық полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркеуге алынды.
«Екі тәулік бойы аудандық полицияның жедел тобы браконьерлердің жеке басын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде полицейлер қорықшыларға қарсылық көрсетуге қатысы бар деген күдікпен көрші Мақтаарал ауданынан 120 шақырым жерден жергілікті 6 тұрғынды ұстады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану« бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайды», – деп толықтырды облыстық ПД-ның баспасөз қызметінен.