Еуропа чемпионаты: Бельгия құрамасы Ресейді ірі есеппен жеңді
Еуропа чемпионаты: Бельгия құрамасы Ресейді ірі есеппен жеңді
119
оқылды
Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатында Ресей және Бельгия құрамалары кездесті. Матч Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті. Кездесу Бельгияның 3:0 жеңісімен аяқталды. 10-минутта есепті Ромелу Лукаку ашты, ал 34-минутта Том Мюнье гол соқты, 88-минутта дубль жасаған Лукаку матчты қорытындылады. https://www.youtube.com/watch?v=8RFY5SEeoSU Бүгін Ресей мен Бельгия құрамаларымен бірге В тобында Дания мен Финляндия құрамалары да кездесу өткізді. Матч финдердің күтпеген жеңісімен аяқталды - 1: 0