Оператор жүгірушілерді 100 метрге басып озды (видео)
Оператор жүгірушілерді 100 метрге басып озды (видео)
194
оқылды
Әлеуметтік желіде камера ұстаған оператордың 100 метр қашықтыққа жүгірушілерді басып озғаны жайлы видео тарады, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға Қытайдың Шаньси провинциясында жеңіл атлетикадан университеттер арасындағы чемпионат кезінде болған. Видео TRT телеарнасының Facebook парақшасында жарияланды. Көзтартарлық кадр түсіру үшін ер адам жеңіл атлеттермен бірге жүгіріп, жұрттың бәрін таңғалдырды. Камера ұстаған жігіт қолындағы техниканың салмағы төрт келіден асатынына қарамастан, жылдамдығын бәсеңдетпеді. Осылай ол қашықтықтың соңына дейін жүгірді. Ролик жылдам таралып кетіп, желаяқ оператор жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді. Көптеген адам оны жарыстың жеңімпазы деп санайды. Қолданушылардың бірі видео кейіпкері келесі жолы жарысқа ресми түрде қатысу керек екенін атап өтті.