Тұрақта тұрған көліктер жер астына түсіп кетті (видео)
Тұрақта тұрған көліктер жер астына түсіп кетті (видео)
186
оқылды

Иерусалимде асфальт опырылып түсті. Соның салдарынан пайда болған шұңқырға бірнеше көлік құлап кетті, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Төтенше жағдайлар қызметі автокөліктерді шұңқырдан кранның көмегімен шығарған. Көліктердің барлығы жарамсыз болып қалды, - деп жазды RT. Оқиғаның видеожазбасы Global News YouTube арнасында жарияланды. Барлығы үш көлік жер астына кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ — бұл көліктерде жүргізуші мен жолаушы болмаған. Оқыс оқиға "Шаарей-Цедек" медициналық орталығының жанында болды. Жердің опырылуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жақын маңда жұмысшылар түнел салып жатқан, төтенше жағдайға осы себеп болуы мүмкін. Қазір оқиғаның салдарын жоюға коммуналдық қызметтер кіріскен. Келтірілген шығынның көлемі алдағы уақытта анықталады.