Ауыр жарақат алған Бельгия құрамасының ойыншысы алаңнан кетуге мәжбүр болды
Ауыр жарақат алған Бельгия құрамасының ойыншысы алаңнан кетуге мәжбүр болды
Бельгия құрамасының 25 жастағы қорғаушысы Тимоти Кастань Еуро-2020 турнирінің бірінші матчінен кейін-ақ Бельгия құрамасының сапынан кетуге мәжбүр болды. В тобындағы ойында Бельгия құрамасы Ресейді 3:0 есебімен жеңді. Осы матчта Кастань "Зениттің" жартылай қорғаушысы Далер Кузяевпен қатты соқтығысқан еді. Осыдан кейін Тимотиге көз шарасының сүйегі екі жерден сынған деген диагноз қойылды. https://twitter.com/HLNinEngeland/status/1403806084553392132?s=20 Ресей құрамасы келесі матчты 16 маусымда Финляндиямен, ал Бельгия 17 маусымда Даниямен ойнайды.