Маска тақпаған президентке айыппұл салынды

Маска тақпаған президентке айыппұл салынды

Бразилия президенті Жаир Болсонару қоғамдық шараға маска тақпай шыққан. Пандемияға байланысты енгізілген санитарлық талаптарды бұзғаны үшін президентке айыппұл салынды, - деп жазады Euronews. Сенбі күні Болсорану Сан-Паулу көшелерінде мотожарысты басқарған. [caption id="attachment_145058" align="alignnone" > Фото: eadaily.com[/caption] Жергілікті биліктің хабарлауынша, Болсонаруды қолдау акциясына 12 000 мотоцикл қатысқан. Сан-Паулу штаты үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың мамыр айынан бастап қоғамдық орындарда маска тағуды талап ететін ережелерді бұзғаны үшін Президентке 110 АҚШ доллар мөлшерінде айыппұл салынған.