Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
113
оқылды
Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 23 метрге жетеді. Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 15 маусым күндіз кей жерлерде 35 градус ыстық күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысында күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Бесқарағай ауданында өрт қаупі жоғары. Павлодар облысының кей жерлерінде солтүстіктен жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында өрт қаупі өте жоғары. Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі.