Алматы полициясы жол бойында жатқан жаяу жүргіншіні басып өтіп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен екі жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бақылау камераларының көмегімен қайтыс болған ер адам жолда кетіп бара жатып сүрініп құлап кетіп, асфальтта қозғалмай жатқаны анықталды. Осы кезде жоғары жылдамдықпен келе жатқан шетелдік көліктің жүргізушісі тоқтап үлгермей, ер адамды басып кетеді. Осылайша ол тоқтамастан оқиға орнынан кетіп қалған. Екінші көліктің жүргізушісі де дәл солай жасады. Кейін белгілі болғандай, жүргізушілердің бірі Шаңырақ-1 шағынауданындағы Есентай көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында көлігін жасырған. Екінші көліктің жүргізушісі жол апаты болған Алатау ауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері болып шықты.