ДДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан шыққаны туралы тұжырымға пікір білдірді
ДДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан шыққаны туралы тұжырымға пікір білдірді
100
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус SARS-CoV-2 вирусының зертханадан шығып кетуін жоққа шығармайтынын айтты. Бұл туралы ол G7 көшбасшыларының саммитінде мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Ұлыбританиялық Daily Mail таблоидының мәліметінше, Гебрейесус әлемде, кем дегенде, 174 миллион адамның коронавирусты жұқтырып, 3,75 миллион адамның қаза болғанын мәлімдеген.
"Менің ойымша, бұл адамдарға лайықты құрмет - вирустың шығу тегі туралы біліп, оның қайталануын (болған жағдайды - Ред.) болдырмау", - деп келтірді басылым Гебрейесустың сөзін.
Таблоидтың хабарлауынша, ДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан шығып кету мүмкіндігі туралы сұраққа "барлық гипотеза ашық болуы керек" деп жауап берген. Гебрейесус коронавирустың шығу тегі туралы тергеудің бастапқы кезеңінде Қытайда "ашықтық пен ынтымақтастықтың" жеткілікті деңгейі көрсетілмегенін хабарлады. Айта кетейік, G7 саммиті Англияның оңтүстігіндегі Корнуоллда 11-13 маусым аралығында өтіп жатыр.