Бурабайда BURABAI WELKOM жарнамалық жазуды қиратты

Бурабайда BURABAI WELKOM жарнамалық жазуды қиратты

Щучинск қаласында кеше кешкісін 20.40 шамасында «Skoda super B» айналма жолда рөлге ие бола алмай, BURABAI WELKOM жарнамалық жазуын күл-талқан етті, деп хабарлайды, Aikyn. kz порталының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасынан автокөлік қатты зақымданған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
«35 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», деді Полиция департаментінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы