Полиция қызметкерлері Алматы тұрғындарына үндеу жасады
Полиция қызметкерлері Алматы тұрғындарына үндеу жасады
111
оқылды
Алматы қалалық Полиция департаменті оңтүстік астана тұрғындарына интернеттегі алаяқтықтың жаңа әдісі кең тарағанын ескертті.
"Қалада "AnyDesk" қашықтан басқарылатын мобильді қосымшасын қолдану арқылы жасалатын Интернет-алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті. Қаскөй бөтеннің ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырады, содан кейін телефоныңыз вирус жұқтырғанын және бұл картаңыздағы ақшаға қауіп төндіретінін, мұны телефоныңызға тек "AnyDesk" қосымшасын орнату арқылы жоюға болатынын айтады. Қосымшаны орнатқаннан кейін ұялы телефоныңыз алаяқтардың иелігіне өтеді, олар өз кезегінде сіздің атыңыздан несиелер ашып, содан кейін шотыңыздағы қаражатты аударып алады", - дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
  Полиция қызметкерлері AnyDesk қосымшасын телефонға орнатпауға шақырады.