Мәскеуде 86-қабаттан құлаған 20 жастағы бойжеткен өлер алдында хат жазып қалдырған
Мәскеуде 86-қабаттан құлаған 20 жастағы бойжеткен өлер алдында хат жазып қалдырған
170
оқылды
Москва-Сити тұрғын үй кешенінің 86-қабатынан құлаған Қазақстан тумасы Диана Белорукова VK әлеуметтік желісінде өлер алдында өзінің жағдайын айтып, анасымен қоштасқан.  Бойжеткен небәрі 20 жаста болған.
«Әр күн мен әр сағат мен үшін азапқа толы. Бұл не? Дәрігерлер неге көмектесе алмайды? Ешқандай психологиялық техника әсер етпейді. Денім сау секілді, өмірге құштармын, талпынамын, қалаймын, өзіме және өзгелерге сенемін... өзімді жақсы сезінетін секілдімін. Бірақ неден денем ауырып, көңіл-қошым болмайтынын түсінбеймін», — деп жазған Диана.
Ол өзіне қол салуды жоспарлап, соған дайындалған.
«Батылдық пен ұмтылыс керек. Алайда менде тіпті күш жоқ. Бұлай істемесем де болар еді. Бірақ соңғы жылдардағы тәжірибеме келер болсам, мені осы күйімде қабылдамайтыны және осылай істей беруіме рұқсат бермейтіні түсінікті», — деп сөзін жалғапты ол.
Сонымен қатар ол анасына үндеу жасаған.
«Анашым, өмір сыйлағаныңа рахмет. Өзіңнен күш тауып, мені кешір. Сен келіспесең де, менің өлімім сенің бақытыңа кедергі бола алмайды деп сенемін.  Мен 20 жыл өмір сүргеніме көңілім толады, ештеңеге өкінбеймін. Сондықтан бұған қатты қайғырмауыңды сұраймын», — деп қоштасқан Диана.
Қайғылы оқиға 11 маусымда болды.  Бойжеткен 86-қабаттан құлап кетті. Қыз Қазақстанда туған, өлеңге жаны құмар ақын болған. Мәскеуде Тергеу комитеті тергеу жұмыстарын бастап кетті.