Ақмола облысында жерге дауласып қалған әйел көршісінің 10 тонна шөбін өртеп жіберді
Ақмола облысында жерге дауласып қалған әйел көршісінің 10 тонна шөбін өртеп жіберді

10 тонна шөбін өртеп жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Оқиға 12 маусым күні болған. Полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне арыз жазған 60 жастағы әйел өзінің 10 тоннадан астам шөбін біреулердің өртеп жібергенін мәлімдеген. «Оқиға орнына дереу аттанған полицейлер ауласындағы үйілген шөпке өрт қойған адамды бірден анықтады. Ол сол үйдің көршісі болып шықты. Удай мас болған әйел көршісінің шөбіне өрт қойған. Әйел өз кінәсін толығымен мойындады. Әйелдер осыған дейін үйлерінің учаскелік аумағы жөнінде дауласып қалғаны белгілі болды», – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. 10 тонна шөп Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 202-бабының 2- тармағы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою және бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы