Іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды – ІІМ
Іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды – ІІМ
95
оқылды
Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 307 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бір апта ішінде 3 307 қылмыс жасалды, оның 2 207-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 34 қарақшылық пен тонауды және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз.
Сонымен қатар, ресми өкілдің айуынша, бір апта ішінде жедел алдын алу іс-шаралары барысында іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды.