Қазақстанда 40 градус ыстық болады
Қазақстанда 40 градус ыстық болады
137
оқылды
"Қазгидромет" РМК 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін, елдің орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтілуде", - делінген хабарламада.