TikTok үшін нанды аяғымен басқан жігіт жазалана ма? (видео)
TikTok үшін нанды аяғымен басқан жігіт жазалана ма? (видео)

TikTok үшін нанды аяғымен басып, үстіне шыққан жігіт елдің ашуын туғызды. Бұл видео “Масқара. Тоқшылық аздырар адам баласын… Кешегі атамыз осы нанға зар болып аштан қырылды емес пе? Мынау ұят енді. Алла сақтасын, нанды аяқпен басу, ол - қандай тоқшылық? Алла кешірсін“, - деп жазылған жазбалар әр минут сайын көбеюде. Енді бірі "Мәссаған, оңбаған, аяғың сынса ғой”,  ”біреулер осы нанға зар ғой”,  ”TikTok үшін бәрін жасайтындар”,  ”Құдайдан безгендер” деген сынды пікірлер қалдырды. Жалпы, TikTok - жастар арасында кең танымал болған желі. Қазір әлемде оның пайдасынан зияны көбірек сөз етілуде.  Тіпті, кейбір елдерде оны пайдалануға тыйым салған. Мүмкін бізге осы сабақ болар. Алайда, адвокат Ержан Болатбектің айтуынша, ондайға ешқандай жаза қарастырылмаған. "Әрі кетсе, ұсақ-түйек бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін" дейді ол.