Австрия мен Нидерланд жеңіске жетті
Австрия мен Нидерланд жеңіске жетті
159
оқылды

Айта кетейік, екі құрама бұған дейін екі мәрте кездескен. Екеуінде де австриялық футболшылардың мерейі үстем болды.

Үшінші кездесуінде австриялықтар Еуропа чемпионатының финалдық сатысына тұңғыш рет жолдама алған Солтүстік Македония қақпасына үш гол соқты. Алдымен Австрия сапынан Штефан Лайнер 18-минутта көзге түсті. Одан кейін қарсылас команданың ардагер ойыншысы Горан Пандев 28-минутта таразы басын теңестірді. Ойын одан кейін австриялықтардың басымдығымен өтті. Матчтың 78 минутында Михаэль Грегорич, ал 89-минутта Марко Арнаутович гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Қос құрамадан бөлек, С тобында Нидерланд пен Украина құрамалары да кездесті. Нидерланд астанасы Амстердам қаласындағы Йохан Круифф стадионында өткен ойында нидерландиялық футболшылар 3:2 есебімен жеңіске жетті.   футбол Бұған дейін екі құрама  екі мәрте кездескен болатын. Біреуінде нидерландиялық футболшылардың мерейі үстем болса, біреуінде тең нәтиже тіркелген. Үшінші ойында нидерландиялық құраманың басымдығы анық байқалды. Алғашқы екі голды да  Нидерланд футболшылары соқты. Алдымен Жоржиньо Вейналдум 52-минутта есеп ашса, одан кейін Ваутер Вегорст 58-минутта мергендік танытты. Украина сапынан Андрей Ярмоленко 75-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 78-минутта тағы бір украиналық футболшы Роман Яремчук таразы басын теңестірді. Ойын аяқталар тұста Нидерланд футболшысы Дензел Дюмфрис орайлы сәтті оңтайлы пайдаланып, шешуші гол салып, командасына жеңіс сыйлады. Еске сала кетейік, С тобындағы келесі тур ойындары 17 маусым күні ойналады. Бұл күні Нидерланд пен Австрия, Украина мен Солтүстік Македония кездеседі.

А.ЖАСАНҰЛЫ