Құлсарыда жүріп келе жатқан көлік терезесінен денесін шығарған тұрғындардың кім екені анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
13 маусым күні Атырау облысы Құлсары қаласының орталық көшесімен қауіпсіздік талабын сақтамай жүріп бара жатқан автокөлік Жылыой ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнекамерасында анықталған. Видеодан екі жігіттің көлік терезесінен денесін шығарып, мемлекеттік Туды ұстап тұрғандарын көруге болады.
https://youtu.be/A9XXqmwWbW8
Полицейлер көлік жүргізушісіне және екі жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 593 және 619-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.