Шалбар ұрлап шатылды
Шалбар ұрлап шатылды

Сауда орталығынан белгісіз біреу 4 дана шалбарды ұрлап кеткен. Шығын көлемі – 50 000 теңге.

«Полиция басқармасына арыз түсті. Сауда орталығында орнатылған бейнекамералардың арқасында полицейлер ұрыны ұстады. Күдіктінің жұмыссыз қала тұрғыны екені анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оның басқа да осы тектес деректерге қатыстылығы тексерілуде», – деді полицейлер.

Бүгінде аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (бірнеше рет жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕК