Аида Балаева: КАЗГЮУ — халықаралық деңгейдегі заманауи университеттің эталоны
Аида Балаева: КАЗГЮУ — халықаралық деңгейдегі заманауи университеттің эталоны
133
оқылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елімізде жаңадан ашылған «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығымен танысып, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті жайында ойымен бөлісті.

«КАЗГЮУ — тек білім беруге емес, студенттің дамуына да көп көңіл бөлетін, халықаралық деңгейдегі заманауи университеттің эталоны. Спортқа баса назар аударатынына, студенттердің қызығушылығына қарай түрлі қосымша сабақтарға мән беретініне риза болдым. Былайша айтқанда, студенттер университеттегі уақытын өз пайдасына өткізіп, бойдағы қабілетін дамытуға мүмкіндік алуда»,- деп жазады Аида Балаева Facebook-те. Аида Кездесу барысында министр мен университет басшылығы бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы әңгімелесті. Студенттердің журналистік этика бойынша семинар мен еліміздегі үздік бұқаралық ақпарат құралдарында іс-тәжірибеден өтуі мәселелері талқыланды. Бұл жжайында КАЗГЮУ университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялады.

          «Аида Ғалымқызымен бірге шешуге болатын мәселелерді ашық талқыладық. Масс-медиа саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі, көптеген ЖОО-ларда білім бағдарламасы мазмұнының ескіруі, баспасөз беттеріндегі шыққан материалдарда деректердің талданбауы, БАҚ-тағы әдептілік деңгейінің төмен болуы сынды мәселелерді айттық», - дейді университет басшылығы. 

Естеріңізге сала кетейік, жақында КАЗГЮУ университеті осы жылдың қыркүйек айында «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы ашылатыны хабарланды. Жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты — құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттан білімі бар, аналитик-журналист мамандарын дайындау.