Новосібірде жанармай бекетінде жойқын жарылыс болды - Видео
Новосібірде жанармай бекетінде жойқын жарылыс болды - Видео
Бүгін Новосібірдегі Гусинобродск тасжолында орналасқан ЖҚС-да өрт шығып, жанармай құйылған резервуарлар жарылған. Қазіргі уақытта зардап шеккен 21 адам бары белгілі. «Еврогаз» компаниясы өкілінің айтуынша, от көлікке жанармай құйып жатқанда тұтанған. Бір жүк көлігі мен бір жеңіл көлік жанып кеткен. Жалын 800 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт қаупі жағынан үшінші (жоғары) деңгейге жатқызылған. Оқиға орнында сұйық отын құйылған резервуарлар қайта-қайта жарылып жатыр, ТЖМ жеке құрамы қауіпсіз қашықтықта жұмыс істеп жатыр.