Шымкентте 2 жасар баласымен жоғалып кеткен әйел табылды
Шымкентте 2 жасар баласымен жоғалып кеткен әйел табылды
104
оқылды
Шымкентте екі жастағы баламен жоғалып кеткен әйел табылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 13 маусымында Қаратау ауданының ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол сағат 18:00 шамасында 30 жастағы қызы мен екі жастағы немересі үйден шығып, белгісіз бағытта жоғалып кеткенін хабарлаған. 30 жастағы әйел жүйке жүйесі диспансерінде есепте тұрады. Бұған дейін бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген. Бұл жолы әпкесінің екі жасар баласын жетектеп кеткен. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалғандар туралы сұрастырды. https://www.youtube.com/watch?v=8Ku1JWW9gxw Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 14 маусым күні сағат 13:00-де полиция қызметкерлері жоғалғандарды "Қайнарбұлақ" саяжайынан адасып жүрген жерінен аман-есен тауып, үйіне жеткізді.