Модификацияланған картоп крахмалы өндіріледі
«Айқын» ақпарат
/ 15.06.2021
Модификацияланған картоп крахмалы өндіріледі
«Катада TRANS GROUP» ЖШС директорының орынбасары Серғазы Шалқарбековтің айтуынша, зауытты 18 ай ішінде салып, іске қосу жоспарланған. Бәрі дұрыс болса, келесі жылдың күзінде өндірістік желі пайдалануға беріледі. Жалпы, картоп крахмалы азық-түлік, дәрі-дәрмек, косметикалық құралдар, қағаз, құрылыс материалдарын өндіруге кеңінен қолданылады. Бұл – өте пайдалы әрі нарықта сұранысқа ие шикізат. Жобаның таныстырылымы тыңдалғаннан кейін облыс әкімі тиісті жауапты тұлғаларға экономикалық тиімділігі жоғары жобаның сапалы жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау көрсеуді тапсырды. – Бұл – бір ауданның ғана емес, облыстың экономикалық дамуына серпін беретін өте іргелі кәсіпорын. Қажетті инфрақұрылымдар жүргізу жағынан мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Зауыт іске қосылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, өңір бюджетіне салық түсімі артады. Яғни, тұрғын үйлер, жаңа мектептер, ауруханалар, басқа да қажетті әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік молаяды деген сөз, – деді Амандық Баталов жиын соңында.
Болат АБАҒАН,
Алматы облысы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды
Жаңалықтар
«Жерден алып, жерге салады...»: Айжұлдыз Адайбекова әйелдің қоғамдағы рөлі...
Жаңалықтар
Әнші Мұқасан Шахзадаевқа заң жоқ па? (видео)
Жаңалықтар
«Аяқ-қолын сындыр»: боксшы Еркебұлан Шынәлиев өзін Түркияда қорқытқандар жа...
Жаңалықтар
Республика бойынша аяз күшейіп, тұман түседі
Жаңалықтар
Көктайғақ, тұман болады: 13 ақпанға ауа райы болжамы